23 Желтоқсан 2025 2025, 21:47
Фото: pexels.com
Ертең елдің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет
Ел аумағының басым бөлігінде 2025 жылғы 24 желтоқсан, сәрсенбіде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел аумағының басым бөлігінде 2025 жылғы 24 желтоқсан, сәрсенбіде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, көптеген өңірде қарлы боран тұрады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде, батысында және оңтүстік-батысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.
Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы күтіледі.
Бүкіл республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп күтіледі.