Ертең бірқатар қалада оқушылар мектепке бармайды
Еліміздің бірнеше қаласында ертең, 16 ақпанда оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана, Семей, Қарағанды мен Ақтөбе қаласының оқушылары қатты аяз салдарынан қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Астананың білім басқармасы таратқан хабарламада.
Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас мүфти: Әлеуметтік желіде діни пәтуа беретіндер көбейді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы