Ертең білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі басталады

24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі бастау алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, екі күнге жалғасатын панельдік және секциондық сессияда педагогтер мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіби, қосымша, инклюзивті білім беру, балалардың құқығын қорғау және сапалы біліммен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.

24 тамызда өңірлерде өз тақырыптық бағыттарына сәйкес секциондық отырыстар өтеді:

• Мектепке дейінгі оқыту – Қызылорда облысы;

• Ауыл мектебі – Актөбе облысы;

• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;

• Инклюзивтік және арнайы білім – Қостанай облысы;

• Педагог мамандары – Солтүстік-Қазақстан облысы;

• Дарынды балалар - ұлт мақтанышы –Ұлытау облысы;

• Білім беру технологиялары – Алматы облысы;

• Балалардың демалуы мен сауығуы – Акмола облысы;

• Жайлы жағдай қалыптастыру – Астана қаласы;

• Балаларды қолдаудың тең мүмкіндігін қалыптастыру – Қарағанды облысы;

• Мектепте дұрыс тамақтануды ұйымдастыру – Алматы қаласы;

• Қосымша білім беру – Шығыс-Қазақстан облысы;

• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;

• Білім беру саласында қауіпсіз ортаны қалыптастыру – Атырау облысы;

• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;

• Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;

• Білім саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;

• Қаржылық-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;

• Білім саласындағы менеджмент – Батыс-Қазақстан облысы;

• Білім саласын сандық жүйеге көшіру – Шымкент қаласы.

25 тамызда 20 өңірдің қатысуымен Біріңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде өтеді.

Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.

Форумның пленарлық сессиялары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube ресми парақшаларында таратылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы