Ертең барлық оқушы қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары да сайлау учаскелері ретінде қолданылып, 11 қаңтарда мектептерде дезинфекциялық шаралар жүргізіледі.

Сондықтан 11 қаңтарда мектептерде сабақтар қашықтан оқыту форматында өтеді. 12 қаңтардан бастап 1-5-сынып және 9, 11(12)-сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері негізінде кезекші сынып режимінде оқуын жалғастырады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы