Ертең астаналықтар қосымшадағы автобустардың қозғалысын бақылай алмайды

11 ақпанда жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты, таблоларда бағдарлардың келу уақыты туралы ақпарат, сондай-ақ мобильді қосымшаларда бағдарлардың қадағалауы көрсетілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, көлік карталарын мобильді қосымшалар арқылы қашықтықтан толтыру қолжетімсіз болады.

Көлік карталарын RTVM автоматтары мен мамандандырылған кассалар арқылы лезде толықтыру штаттық режимде жұмыс істейді.

Мамандандырылған кассалар мен RTVM автоматтарының мекенжайларын transcard.kz сайтынан көруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы