Ертең Астанада тағы бұршақ аралас жаңбыр жауады

"Қазгидромет" астаналықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астана қаласында 15 тамызда таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күтілетіні туралы хабарлайды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, тамыздың басында елордада жауын құйып, бармақтай бұршақ жауған болатын. Салдарынан екі адам зардап шекті. Сондай-ақ қатты бұршақтан көліктердің терезелері тесілген еді. Тіпті, табиғи құбылыстың салдарынан ұшақ та зақымданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы