Кеше 2026, 21:48 Фото: freepik

Ертең Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Бұл шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.

Ертең Астанада бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, 12 ақпан күні де астаналық оқушылар қашықтан оқыған болатын.