Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Ертең елордада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

2024 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы