16 Желтоқсан 2025 2025, 22:25 Фото: pixabay

Ертең 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Ертең Астана қаласында бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Ертең Астана қаласында бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 17 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін ертең Астанада қар жауып, көктайғақ болатыны хабарланған.