5 Қаңтар 2024 2024, 20:30 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ертегі, классика және музыка: «Астана Балет» қаңтар айының афишасын таныстырды

Қаңтар айында «Астана Балет» театры көрермендерді бірден бірнеше спектакльді тамашалауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаңтар айында «Астана Балет» театры көрермендерді бірден бірнеше спектакльді тамашалауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10-13 қаңтар аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары «Қар ханшайымы» спектаклін тамашалай алады. Айта кету керек, қойылым «Үздік балалар қойылымы» аталымы бойынша «Ұмай» сыйлығымен марапатталды.

20-қаңтарда маэстро Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрдің «Романтизм кемеңгері» атты концерті өтеді. Солист – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев.

26-27 қаңтарда театр Н.Калининаның хореографиясымен қойылған «Күлше қыз» балетін ұсынады. Сергей Прокофьевтің ғажайып музыкасын қоюшы-дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі театрдың симфониялық оркестрі орындайды.

Іс-шаралар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.