"Ерте тұрамын". Роман Скляр уақыт белдеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Үкімет баспасөз орталығында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярға уақыт белдеуіне қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист вице-премьерге "Қазір қараңғы тез түседі. Бұл халыққа қолайсыздық тудырып отырған жоқ па?" деп сұрады.

Қоғамның кейбір бөлігі жаңа уақытты жақсы қабылдады. Мәселен, Ташкент пен Шымкент жақын орналасқан. Олардың арасында бір сағаттай уақыт айырмасы бар еді, ал қазір жоқ. Сол жердің халқы бізде бар уақытпен өмір сүреді. Ешкім шағымын айтпаған. Әрине, біреулер үшін қолайлы, ал енді біріне қолайсыз шығар. Ал менен сұрасаңыз, өзім көп жыл ерте оянып үйреніп қалғанмын, сондықтан маған ыңғайлы десем болады. Кейбір көп ұйықтайтын таныстарыма бұл уақыт ұнамайды, ал кейбіріне жағады. Меніңше, уақыт белдеуін практика арқылы біршама уақыт бақылау керек. Бүкіл азаматтардың ойын тыңдауымыз керек, - деді Роман Скляр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы