Ертеңгі таңды жаңа президентпен қарсы аламыз – бақылаушы

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым күні сайлаудың әділ, өрескел заң бұзушылықтары орын алмасы үшін Түркістан қаласының бақылаушылары сайлауға белсенді қатысуда. 

Соның бірі –Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының мүшесі Мирзахан Файзиев сайлауды таңғы сағат 7-ден бері қалт жібермей қадағалап отыр.

«Міне бүгін 9 маусым – Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы күні. Бұл ел өміріндегі ең маңызды тарихи сәт. Мен Түркістан облысының Ақсақалдар алқасының атынан осы сайлауға бақылаушы болып келіп отырмын. Сайлаудың әділ өтуіне титімдей болсын үлесімді қоссам деймін. Сайлау Түркістан қалалық жоғары медицина колледжінде орналасқан №105 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Сайлау таңертең 7.00-де басталған, кешкі сағат сегізге дейін уақытымыз бар. Сайлауға келіп жатқан халықтың ағыны жаман емес, өз таңдауларын жасауда. Кешкісін  санаққа қатысамыз деген ойдамыз. Осы маңайда бізден бөлек су арнасы мекемесінде, №15 мектептің сайлау округтерінде сайлау өтіп жатыр. Түске дейін 300-дей адам келіп дауыс берді. 10 маусым күні таңертең анық мәліметті аламыз. Осылайша, таңды жаңа президентпен қарсы аламыз, сонымен бірге қуанышта боламыз деп ойлаймын», - деді бақылаушы Мирзахан Файзиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы