Ерте некелесу қыздардың денсаулығына теріс әсер етеді – сарапшылар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында «Ерте некелер» тақырыбында әлеуметтік зерттеу нәтижелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері, педагогтар қатысты.«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығы ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында, Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында өткізілген «Ерте некелер» әлеуметтік зерттеуінің қорытындыларымен таныстырды.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі А.У. Хайруллина, София университетінің жаттықтырушы-медиаторы, саясаттану профессоры Т.А. Дронзина (Болгария), Қырғыз Республикасындағы ЮНИСЕФ гендерлік саясат жөніндегі маманы Н. Суюналиева, Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың атқарушы директоры, акушер-гинеколог Г.А. Гребенникова аталған тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сарапшылардың айтуынша, ерте некелесу қыздардың өмір сапасына, ана мен баланың физикалық және психологиялық денсаулығына теріс әсер етеді, көбінесе отбасылық қолайсыздықтар мен ажырасуларға әкеледі, - делінген хабарламада.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ерте некелесудің дер кезінде алдын алу, консультативтік көмек, білім алу, зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін және т. б. қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әншілер ойнатып жатқан лоторея қатаң бақылауда
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы