27 Шілде 2020 2020, 19:41

Ертең Алматының Жетісу ауданында суық су болмайды

Алматы, BAQ.KZ. Ертең Жетісу ауданында бірнеше сағат суық су болмайды. Бұл туралы "Алматы су" мекемесі хабарлады.

Алматы, BAQ.KZ. Ертең Жетісу ауданында бірнеше сағат суық су болмайды. Бұл туралы "Алматы су" мекемесі хабарлады.

28 шілде сағат 9.00 ден 19.30-ге дейін  су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілу себепті Айнабұлақ ықшам ауданында уақытша суық су болмайды. Суық сумен жабдықтау қызметін шектеу осы аудандағы жабдықтардың ауыстырылуына байланысты жүргізіледі, - делінген хабарламада. 
Өтінім негізінде денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарына су жеткізілетіні айтылған.

"Алматы су" МКК уақытша келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды. 

Анықтама телефондары: 274-66-66.