Ертең 7 өңірде жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

7 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

7 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні таңертең Ақтау қаласында найзағай ойнап, күн күркірейді.

7 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сол күні Ақтөбе қаласында найзағай ойнайды, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, жаңбыр кезінде екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

7 тамызда түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сол күні түнде Атырау қаласында найзағай ойнап, күндіз 35 градус қатты ыстықболуы мүмкін.

7 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Шымкентте солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Түркістан қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

7 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Қызылорда қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы