24 Қараша 2026, 11:47
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қызметінен босатылды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазиевич Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды, – деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
Оның қызметінен босатылу себебі хабарламада нақты айтылмады.
Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаев бұл қызметіне алғаш рет 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған болатын.