Ернұр Дәуенов білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне басшы болды
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Ернұр Нұрланұлы Дәуенов Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Ернұр Дәуенов 1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды Қазтұтынуодағы университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім Академиясының ғылыми қызметкері, Астана қаласының «Зерде» дарынды балаларға арналған мектеп директорының орынбасары, «Ертіс дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары – Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы.
2014-2015 жылдары – Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары.
2015-2016 жылдары – Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы.
2016-2017 жылдары – Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары – Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.
2019 жылдан бастап Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын басқарды.
2020 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.