Ермекбаев арыстық ақсақалдармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында  министр өңірде төтенше жағдайдың салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы түсіндірді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы арсеналдағы мүмкін болған себептер туралы айтып берді. Олардың арасында немқұрайлық, қасақана өртеу, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және т.б. Арыс қаласының тұрғындары оқ-дәрілер фрагменттерін кәдеге жарату, қалған оқ-дәрілерді әкету кезіндегі қауіпсіздік шараларына қатысты көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Сондай-ақ қаланың бірқатар аудандарында құрылыс жұмыстарын тездету туралы сауал көтерілді.

Кездесуге тұрғындар саперлар мен әскери өрт сөндірушілердің жоғары кәсібиліктерін айтып, олардың жұмысына жоғары баға берді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні қалада саперлар жасағы мен дрондар өз жұмыстарын жалғастыруда. Ұдайы әуеден барлауды жүргізуде, арсенал мен қала маңына іргелес жердің мониторингісін жүргізуде. Ал одан кейін ақпаратты жедел штабқа таратуда. Қосымша тікұшақпен ұшып өту жүзеге асырылуда. Саперлар тобы пәтерлер мен үйлерді тексеруді жалғастыруда. Әскерилер қаладан 60 км қашықтықта орналасқан полигондағы оқ-дәрілердің фрагменттерін жоюды жалғастыруда.

«Әртүрлі күмәнді заттардың табылуы мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Үйлерді тексеру жүргізілуде...Таяу уақытта­_тергеу жұмыстары аяқталып, кінәлі адамдар анықталатын болады және заңға сәйкес­­_қатаң жауапқа тартылады. Осы оқиғаға қатысты барлық сұрақтар_менің жеке бақылауымда», - деді қорғаныс министр Нұрлан Ермекбаев. 

5 шілдеден бастап Қорғаныс министрлігі қалған оқ-дәрілерді әкетуді бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы