Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске сала кетейік, Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы