Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы жылу мәселесі 2-3 жылдың ішінде шешілетініне уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев  облыстағы жылу мәселесі 2-3 жылдың ішінде шешілетініне уәде берді.

Ол баспасөз мәслихатында журналист сауалына жауап берді.

Көкшетауға жаңа үйлер салынып жатыр. Бірақ жылу мәселесі жыл өткен сайын кері кетіп бара жатқан секілді. Өткен қыстың өзінде бірнеше рет авария болғанын өзіңіз жақсы білесіз. Жылу қазандықтарын қашан жаңартасыздар? Бұл мәселені түбегейлі шешетін жоспар бар ма?  -деді тілші.

Ақмола облысының әкімі Биыл жылы 17 млрд теңге  қаржыға сумен жабдықтау және су бұру бойынша 63 жоба іске асқанын мәлім етті.

Біздің облыста жылу мәселесі өте өзекті. Биыл Энергетика министрлігі бұл мәселені алдына қойып отыр. 2025 жылы үлкен ЖЭО құрылысын бастайын деп жатырмыз. Осы 2-3 жылдың ішінде шешіледі, -деді Ермек Маржықпаев «Мемлекет басшының тапсырмалары аясында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы