Ермахан Ибраимов Левиттің жеңілісіне төрешіні кінәлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ибраимов айтты.
Ол алдымен Олимпиадаға қатысып жатқан спортшыларымызға алдағы уақыттағы жарыстарына жеңіс тіледі.
Василий Левиттің ойынына тоқтала кететін болсам, ол екінші раундта испандық боксшыдан соққы жіберіп, нокдаун алды. Кейін төреші ойынды тоқтатып тастады. Өзім бұл ойынды барынша бақылап отырдым. Шаршы алаңдағы төреші бірінші соққы болған кезде ойынды бірден тоқтатып, нокдаунды санауы керек еді. Төреші «моментті» жіберіп алды. Қарсыласының тағы бір рет соққы жасауына мүмкіндік берді. Бірінші кезекте алаңдағы төрешіні кінәлар едім, - деді Ибраимов.
Сондай-ақ ол бір жағынан Левит қарсыласына өте жақын келіп қалғанын айтты.
Левиттің қарсыласы - Испанияның емес, ол Кубаның боксшысы. Испанияның азаматтығын алып, сол елдің атынан өнер көрсетіп жүр. Ол осал емес, өте мықты боксшы. Сондықтан Василий Левитті кінәлауға болмайды. Ол өнерін барынша көрсетті. Алайда жеңіліс тапты. Левит еңсесін түсірмей, келесі жарыстарға жақсылап дайындалуы қажет, - деді ол брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қатты сынай беруімізге де болмайды - Мықтыбек Маратбек Олимпиададағы боксшылар туралы
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы