Ерлігі ескерусіз қалған 300-ге жуық жауынгердің есімі ұлықталды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 13 жыл бұрын құрылған «Майдан жол» соғыс даласында Отан үшін отқа түскен қазақ жауынгерлерінің жатқан жерін тауып, есімдерін ұлықтауды жалғастырып келеді. 

Осы уақыт аралығында жасақ мүшелері «Дорогой славы – Батырлар жолымен» жобасы шеңберінде туған жерде жырақ жатқан 275 солдаттың аты-жөні анықталып, туыстарына хабар берілді. 

Халықаралық жоба шеңберінде біз қазақ жерінде жасақталған дивизиялардың майдан жолымен жүріп өтіп, іздестіру жұмыстарын жүргіздік. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында құрылған 314-ші атқыштар дивизиясы болған өлкелерде болдық. Осы жобаны қолға алуымыздың өзіндік себебі бар. Әскери құрылым Петропавловск қаласында жасақталды ғой. Жауынгерлердің арасында павлодарлықтар да болды. Мұрағаттық деректерге сүйенсек, төрт мыңға жуық павлодарлық сарбаз Киров ауданында қаза тапқан.  Дәл осы жерде біз жерлестеріміздің құрметіне ескерткіш тас орнаттық, - дейді «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.

Ал үш жыл бұрын жасақ мүшелері 314-ші атқыштар дивизиясы ерлік көрсеткен Кингисеп қаласының маңында тағы бір ескерткіш орнатты. Іздестіру экспедициялары жыл сайын өткізіледі. 

Өткен жылы Ресей жеріне екі, Молдова еліне бір экспедиция ұйымдастырылды. Ресейдің Калуга және Ленинград облыстарында болдық. Бұл жерге де қазақстандық жауынгерлердің құрметіне ескерткіш қойылды. Алдағы уақытта жерлестеріміз ерлік көрсеткен Эстония мен Финляндияға баруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, 13 жыл ішінде 20-дан астам ескерткіш, тақта, стелла, тас белгі орнатылды. Туған жерде жырақ жатқан ержүрек жатырларымызды қайта жерледік. Сонымен қатар, мыңнан астам жәдігер әкелініп, жергілікті музеулерге табысталды, - дейді жасақ командирі. 

Игі істер жалғасын таба бермек. Жеңіс күні қарсаңында жасақ мүшелері Смоленск облысының Духовщин ауданындағы іздестіру барысында Қайыргелді Әубәкіровің жатқан жері табылып, туыстарына хабар жеткізілді. Қазба жұмыстары барысында бес кеңес әскериінің сүйегі анықталған. Аға сержант Қайыргелді Әубәкіровтің медальоны жақсы сақталған. 1921 жылы туған жауынгер Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталғаны белгілі. Қазіргі уақытта ресейлік отрядтармен сарбазды қайта жерлеу бойынша келіссөздер жүргізілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы