Ерлі-зайыптылар есірткіні өндірді және сақтады деген күдікпен ұсталды
Полиция "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласында есірткі заттарын заңсыз дайындаумен және сақтаумен айналысты деген күдікпен жас отбасылық жұпты ұстады.
Олар Telegram арқылы жетекшіден алған нұсқау бойынша әрекет етіп отырған. Күдіктілер прекурсорларды ары қарай синтетикалық есірткі дайындау үшін алып кетіп жүрген. Дайын өнімді қаптап, одан әрі сату үшін орамалар жасаған. Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады
Өзгелердің жаңалығы