Ерлі-зайыпты оралмандар бір жыл ішінде ҚР азаматтығын алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Оралман" мәртебесін алған этникалық қазақтарға бір жылдың ішінде оңтайландырылған тәртіппен ҚР азаматтығын алу мүмкіндігі берілген.

Сол мүмкіндіктің бірі Өскемен қаласында 2018 жылдан бері тұрып келе жатқан ерлі-зайыптыларға бұйырды. Аталған отбасы 2019 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірген болатын. Сол өтініш арқылы дәл бүгін Өскемен қаласы Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дәулет Асылбаев Моңғолиядан келген қандастарымызға халыққа қызмет көрсету орталығынан куәлік берілсін деген анықтаманы өз қолымен берді.
Облыс орталығында осы жылдың басынан 62 оралман азаматтық қабылдаған. Одан бөлек ҚР президентінің жарлығымен 15, ал жеңілдетілген тәртіппен 19 тұлға ел азаматы атанған. Азаматтық алуға өтініш берген көшіп келушілерге полиция қызметкерлері мүмкіншілігіне қарай тиімді қызмет көрсетуге тырысады, - деді Дәулет Ақанұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы