Ерлер әйелдерге қарағанда бүйрек обырына көп шалдығады – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығы онкоуролог дәрігері Талғат Құрманов мәлімдеді. 

Айтуынша, бүйрек обыры – онкоурологияда ең көп кездесетін қатерлі ісік. 

Жыл сайын әлемде бүйрек жасушалы обырдың 400 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады. Бүйрек обыры әсіресе, 40-60 жастағы пациенттерде көп кездеседі. Соның ішінде ерлерде әйелдерге қарағанда 2-3 есе артық, - деп атап өтті онкоуролог дәрігер. 

Сондай-ақ ол несеп жолдарының жиі кездесетін түрлеріне тоқталып өтті. 

Бүйрек обырынан басқа, бүйрек тастауының ісігі де бар. Яғни ісік несеп шығару жолдарының эпителийінде орын алады. Бүйрек саркомасы сирек орын алады. Ол шамамен онкоурологиялық науқастардың 1-2%-да байқалады. Жуырда орталығымызда бүйректің ісікалды аурулары мен обырдың ерте сатысын анықтау бойынша ашық есік күнін өткіздік. Іс-шара барысында 12 адамды қабылдап, 4 адамнан бүйректің ісігіне, 1 пациенттен қуық обырына қатер анықталды. Дәрігер ретінде тұрғылықты мекенжай бойынша медициналық тексерістен уақытылы өтіп тұруды ұсынамын, - деді Талғат Құрманов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы