Ерлан Тұрғымбаев Ресейдің Ішкі істер министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлері – Ерлан Тұрғымбаев пен В.Колокольцевтің кездесуі өтті.
Полиция ведомстволарының басшылары екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылатын ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
IT–технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды арттыру, интернет-қылмыстарға, оның ішінде пандемия жағдайында әлемде кеңінен таралған алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Кездесуге қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілердің жаңа түрлері туралы жедел ақпарат алмасу саласындағы істердің жай-күйін талқылады.
Сондай-ақ, Қазақстанның ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев Ресейдің ішкі істер министрі В.Колокольцевті қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі ведомство басшылары болашақтағы ынтымақтастықты анықтады.