Ерлан Қарин: Қазақстан билігі жедел әрекет етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстан Төтенше жағдайды халықтың қауіпсіздігінің алдын алу үшін енгізіп отырғанын айтады.

Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібі АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехияда және тағы да басқа елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде, - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. 

Төтенше жағдай режимін енгізу — бұл уақытша шара, ол ұзартылуы да мүмкін, бірақ егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бірақ әзірге, бәрімізге — мемлекеттік органдарға, бизнес пен азаматтарға жаңа жағдайға икемделуіміз тиіс. Басты басымдылық — бұл xалқымыздың денсаулығы, - дейді Ерлан Қарин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент кеңесшісі төтенше жағдайға байланысты алаңдаудың керегі жоқ екенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы