Ерлан Қожасбай Азия чемпиондарына 1 млн теңгеден сыйақы береді

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожасбай Азия чемпиондарына өз атынан 1 000 000 теңгеден сыйақы береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Instagram-дағы Kazakhstan Wrestling парақшасы жазды. 

Астанада кеше ғана аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ерлер мен әйелдер құрамалары тамаша нәтиже көрсетті. Қыздарымыз Жамила Бақбергенова мен Эльмира Сыздыкова Қазақстан қазынасына екі алтын медаль, ал ерлер арасынан Санжар Досжанов, Дархан Есенғали, Болат Сақаев, Азамат Дәулетбеков төрт алтын әкелді, - делінген мәлімдемеде.

Осылайша Қазақстан қоржынында еркін күрестен барлығы – 6 алтын.

Спортшыларды қолдау үшін Ерлан Қожасбай әрқайсысына өз атынан 1 000 000 теңгеден сыйлық бермекші.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы