Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – азаттықтың ақ таңы атып, ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманыақиқатқа айналған ақжарылқап күн. Тамыры терең қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғырып, дүние дидарында дербес ел ретінде еңсе тіктеген мерейлі сәті. Сондықтан да бұл мерекеніңмаңызы зор, мәні ерекше, - деді мәжіліс төрағасы.

Тәуелсіздік ел тарихында жаңа дәуірдің парағын ашып, қоғамдық өмірге соны леп, тың серпін әкелді.

Тарихымызды түгендеп, ұлттық санамызды жаңғыртты. Елдік рухымызды асқақтатты. Маңызы зор ауқымды бастамалар мен жүйелі жобаларға жол ашты. Осының арқасында Қазақ елі отыз жылдан астам уақытта жаһанда беделі зор, өзіндік нық орны бар, іргелі мемлекетке айналды. Сол себепті де ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Оны барынша бағалау, көзіміздің қарашығындай сақтау жәнеелдігімізді нығайту – ортақ парызымыз. Қашанда қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, байтақ Отанымыздыңболашағы жарқын болсын! Қабырғалы Қазақ елі дүние тұрғанша тұрсын!, - деді Қошанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы