Ерлан Қошанов су мәселесі бойынша Үкіметтің есебін тыңдауға шақырды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов су мәселесі бойынша Үкіметтің есебін тыңдауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек су мәселесі бойынша сауал жолдаған болатын.
Шынында да депутат өте өзекті мәселе көтеріп отыр. Өткен аптада да әріптестеріміз көтерген еді. Сол себепті айтылған ұсынысты келесі отырыстардың біріне Үкімет мүшелерін шақырып, осы жерде суды үнемдеу, тиімді тиімді пайдалану бойынша есеп тыңдаған дұрыс деп ойлаймын. Біздің аппаратқа және Үкіметтің өкілі осында отыр, сіздер осы жұмысты ұйымдастырыңыздар, - деді Ерлан Қошанов жалпы отырыста.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Сингапур өзара инвестициялық қолдау көрсетеді
Өзгелердің жаңалығы