Ерлан Қошанов: Сайлауда басым дауыспен жеңеміз

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистің «Өтпеген сайлау нәтижесін алдын-ала болжап жатсаңыздар, сайлауды өткізудің не қажеті бар» деген сұрағына:

Бұл тек болжам. Ал, нәтижесін сайлау аяқталған соң көреміз. Әрине әр үміткер өзің жеңеді деп ойлайды. Біз де өз үміткерімізді басым дауыспен жеңеді деп ойлаймыз. Сайлауда шынайы бәсеке болады. Сайлау ашық, әділ өтетініне еш күмән жоқ. Қазіргі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың да негізгі бағыты осы. Барлық үміткерлердің оларға сенім білдіріп отырған мыңдаған сайлаушылары бар. Сайлауға үміткер ретінде өз кандидаттарын ұсынбаған адамдар Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси салмағын сезеді деген сөз. Екіншіден, қазіргі жасап жатқан реформаларымен,идеяларымен олардың пікірі үңдес болып отыр,-деп жауап берді Ерлан Қошанов.

 Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясының 11-отырысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасы талаптарға сәйкес деп танылып, тіркелген болатын. Тіркеу куәлігі кандидаттың сенімді өкілі ретінде Ерлан Жақанұлы Қошановқа тапсырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы