23 Қыркүйек 2026, 15:02
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Жаңа саяси орган басшысын сайлау кеңестің бірінші отырысында өтті.
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Дауыс беру қорытындысы Кеңестің алғашқы сессиясында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Ерлан Қошановтың кандидатурасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
Есеп комиссиясының мүшесі Мұрат Әбеновтің айтуынша, дауыс беру жәшігінен 121 бюллетень алынған.
Қазақстан Халық Кеңесінің 120 мүшесі Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер болған жоқ, Кеңестің бір мүшесі қалыс қалды.