Ерлан Қошанов - Мәжіліс төрағасы

Мәжіліс төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаттары 20 минутқа созылған жасырын дауыс беру процесін өткізді. Нәтижесінде депутаттар шешім қабылдап, жаңа төрағаны тағайындады.

VIII шақырымдағы Парламент Мәжілісі төрағасы ретінде Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалды.

Санақ комиссиясының төрағасы Жанарбек Әшімжанов комиссияның №3 хаттамасын жария етті.

Санақ комиссиясы Парламент Мәжілісі төрағасы лауазымына кандидат депутат Қошанов Ерлан Жақанұлына берілген дауыстарды санады, - деді ол.

Дауыс беру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттарына 98 бюллетень берілді. 

Дауыс беруге арналған жәшікті ашқанда 98 бюллетень болды. Жарамсыз бюллетеньдер жоқ. Берілген дауыстар былай бөлінді: жақтағандар – 98, қарсылар – жоқ. Сонымен Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру қорытындысында Мәжіліс депутаты Қошанов Ерлан Жақанұлына қажетті дауыс жинады. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың тізімі қоса тіркелді, - деді Әшімжанов.

Депутаттар комиссияның хаттамасын дауысқа салып, бірауыздан бекітті.

Сонымен қатар депутаттар Қошанов Ерлан Жақанұлы Мәжіліс төрағасын болып сайлануы үшін Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісі қаулысын шығарды.

Ерлан Жақанұлы Қошанов бірінші сайланымдағы Сенат депутаты, Қарағанды облысының депутаты, Президент Әкімшілігінің басшысы, VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағасы, AMANAT партиясының төрағасы қызметтерін атқарды.

Бұған дейін Депутат Бақтықожа Есмухаметов Мәжілістің төрағасы лауазымына AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы