Ерлан Қарин Президент кеңесшісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы