31 Тамыз 2026, 11:24 Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-президенті болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай Ерлан Қариннің Вице-президент лауазымына кандидатурасын қолдады.