Ерлан Қарин Өзбекстанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Ерлан Қарин Өзбекстанның Қазақстандағы елшісімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесші Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен жүздесті.

Ерлан Қарин мен Бахтиёр Ибрагимов екіжақты қатынастар аясындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, мәдени-гуманитарлық бағыттағы бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылады, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы