Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.
Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ, театр өнері, көрмелер ұйымдастыру сынды басқа да бағыттарда мәдени тәжірибе алмасу жобаларын бірігіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі ең қымбат футболшылардың есімдері анықталды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы