Кеше 2026, 23:03
Фото: Ақорда
Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған жиын өткізді
Жиында этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер қаралып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және қоғамдық келісімді нығайту бағыттары талқыланды.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері мен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісім мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиында этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер қаралып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және қоғамдық келісімді нығайту бағыттары талқыланды.
Ерлан Қарин жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттар мен нормаларды іс жүзінде тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, этносаралық келісімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай және үйлесімді тәсілі қажет.
Кеңес барысында аталған бағыттағы жұмысты күшейту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және алдын алу шараларын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру міндеті жүктелді.