19 Наурыз 2023 2023, 07:28
Ерлан Қарин дауыс берді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин №111 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.
№111 сайлау учаскесі еліміздің бас қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.
Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.
Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны 2 744.