Ерлан Қарин бір жылда қандай заңдар қабылданғанын айтты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Атырауда өткен отырысы мен Бурабайдағы жиыны аралағында атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атырауда отырыстан кейін арнайы жоспар қабылданды. Соған сәйкес Парламент депутаттарының қолдауымен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа, құмар ойынға, нашақорлыққа, есірткі саудасына, вандализмге қатысты заңдар қабылданды. Электронды шылым түрлерін өндіруге және сатуға тыйым салынды, - деді ол.
Мемлекеттік наградалар қатары мәртебелі атақтармен толықтырылды. Сондай-ақ ол Ұлттық кітап күні де бекітілгенен атап өтті.
Жалпы былтырғы Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларды жүзеге асыру үшін бір жылдың ішінде 10 заңға айналды, қазірдің өзінде оның 9-ы қабылданды. Биыл құрылтай аясында өңірлермен жұмыс істеу форматы енгізілді. Ұлттық құрылтай мүшелері аймақтарға шығып, жұмыс кездесулерін өткізе бастады. Бұл аймақтағы белсенді азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік берді, - деп айтты Ерлан Қарин.