Ерлан Қошанов қарағандылықтарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 шілде күні Қазақстанда жалпыға ортақ экологиялық акция өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Облыс әкімі қарағандылықтарды экочелленджге қолдау көрсетіп, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларын, ормандар мен отырғызылған ағаштар алқабын, саябақтарды, скверлерді, апатты үйінділерді, ҚТҚ полигондары және елді мекендер маңындағы аумақты қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығуға шақырады.

#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялаған болатын.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты.

Бұл бастаманы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қолдады.

«Бұл челлендж – жақсы бастама. Бізге де акцияға қатысуымыз керек деп есептеймін. Табиғатты тазартып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуымыз керек», - деді аймақ басшысы.

27 шілде күні экологиялық акцияға немқұрайды қарамайтын барлық қарағандылықтарды қатысуға шақырады.

Акцияны өткізу орны мен уақыты туралы сұрақтар бойынша экологиялық сенбілікті ұйымдастыру жөніндегі штабқа 8-7212-56-41-27 телефоны арқылы хабарласуға болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы