Ерлан Қожағапанов тағы бір жаңа лазауымға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Қожағапанов «Астана» ФК Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 

Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.


Премьер-министрдің кеңесшісі Ерлан Қожағапанов «Астана» футбол клубы Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - делінген «Астана» клубының Instagram-дағы хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Ерлан Тоқтарханұлы еліміздің Футбол федерациясының президенті, «Астана» президенттік кәсіпқой клубының басшысы және Мәдениет және спорт вице-министрі қызметтерін атқарған болатын.

Бұған дейін Қожағапанов Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалғаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы