Ерлан Қиясов: «Pfizer» вакцинасын жүкті әйелдер мен балаларға салудың нақты уақыты белгіленген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді жайлаған індеттің қайта өршуі баршаны алаңдатып отырғаны белгілі. Еліміздегі жағдай қалай? Былтырғыға қарағанда көңіл көншітерлік деректер бар ма? Пандемия жағдайында елдің тыныс-тіршілігі қалай болмақ? Елдің көкейіндегі осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовпен сұхбаттасқан едік.
- «Екпе болашақ баланың денсаулығына әсер етеді», «белсіздікке алып келеді» деген сөз көп. Коронавирусқа қарсы салынатын вакцинаның жүктілікке, ана мен баланың денсаулығына әсері қандай?
- Коронавирусқа қарсы салынатын вакцинаның жүктілікке, ана мен баланың денсаулығына әсері қазіргі уақытта зерттелуде. Бүгінгі таңда «екпе болашақ баланың денсаулығына әсер етеді», «белсіздікке алып келеді» деген дәлелді ақпарат жоқ.
- Вакцина салдырған адам маска тақпаса бола ма? Вирус жұқтырған адаммен байланыста 14 күн карантинде отыруы міндетті ме? Жалпы екпе салдырған адамдарға қандай жеңілдіктер бар?
- Вакцинациядан кейінгі иммунитет бірінші инъекциядан кейінгі 14-ші күні, ал екінші дозадан кейінгі 1,5 айдан кейін тұрақты болады.
Вакцинацияланған адам да вирус жұқтыруы мүмкін екенін түсіну керек, бірақ ол өзі ауырмайды немесе жеңіл түрде ауыруы мүмкін, дегенмен, ол инфекцияны медициналық қарсы көрсетілімдері бар басқа вакцинацияланбаған адамдарға таратуы мүмкін. Ал медициналық қарсы көрсетілімдері бар басқа вакцинацияланбаған адамдар КВИ ауыр жағдайға немесе тіпті, өлімге де алып келуі мүмкін.
Сондықтан медициналық қарсы көрсетілімдері бар вакцинацияланбаған адамдарды жанама қорғау үшін вакцинация арқылы ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету маңызды.
Елімізде ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жеткенге дейін және барлық шектеу шараларын алып тастағанға дейін вакцина алған және алмаған барлық халыққа эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажеттігін, яғни маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жеке гигиенаны және т.б. сақтауды еске саламыз.
- Шамамен қанша уақытта халық қашықтан жұмыс істемей, толығымен жұмысқа шыға алады?
- КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы байқалғанда және ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жеткен кезде, карантиндік шаралардың толығымен алынуы жағдайында халық қашықтан жұмыс істемей, толығымен жұмысқа шыға алады.
- Елімізде қабылданып жатқан сақтық шараларын ескерсек, жаңадан пайда болды деп елді дүрліктіріп жатқан «Йота» штамының Қазақстанға келмеуінен қаншалықты деңгейде қорғана аламыз деп ойлайсыз?
- Қазіргі кезеңде вакцинация өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама болып табылады. Көп жылдық тәжірибе вакцинацияның денсаулық сақтау саласындағы басқа да араласулардың иммундау ауру мен өлім деңгейін төмендететін тиімді және қауіпсіз шара екендігін растайды.
Коронавирустың өмір сүруі, таралуы және мутациясы үшін тасымалдаушы адамдар қажет. Адамдар неғұрлым көп вакцинацияланса және қорғаныш иммунитеті пайда болса, вирустың «тасымалдануы» соғұрлым аз болады, вирустың мутациясын тоқтату оңайырақ болады.
Халықты КВИ-ға қарсы профилактикалық егулермен қамтудың қажетті деңгейіне қол жеткізу елде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға, инфекцияның таралуын болдырмауға, КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және ауыртпалықты төмендетуге мүмкіндік береді.
КВИ-ға қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін әлемдік практикада халықтың 50-60%-дан астамын осы инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуға қол жеткізу ұсынылады. Бүгінде бұл басым мәселе болып табылады.
- «Pfizer» вакцинасы елімізге қашан және қанша көлемде әкелінеді? Алайда ол тек жүкті әйелдер мен балаларға салынады деген ақпарат қаншалықты рас?
- «Pfizer» вакцинасын қолдану арқылы жүкті әйелдер мен балаларға вакцинацияны елімізде жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде «Pfizer» вакцинасын елімізге әкелу мерзімі және көлемі қарастырылуда.
- Кезекті оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. Қандай жағдайда сынып толықтай онлайн форматына көшірілуі мүмкін? Сақтық шаралары қалай сақталады, балалар партаға қалай отырғызылады, т.б. туралы айта кетсеңіз. Балалар арасында да індет өршіп тұр. Карантинге қарамастан балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ. Балаларымызды індеттен қалай қорғаймыз?
- «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысы (бұдан әрі – БМСД-ның № 36 қаулысы) қабылданды, онда білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы негізгі талаптар айқындалды.
БМСД-ның №36 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуға рұқсат етілген:
- БМСД-ның №36 қаулының талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;
- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, сауыққаннан кейін COVID-19 ауырып жазылған адамдарды 3 ай ішінде қоспағанда);
- ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы оқитын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
- маска кию режимін сақтау;
- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайларды желдетіп, ауасын тазарту және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
- педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісін (байланыссыз термометрмен термометрия) жүргізу;
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып, іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін тоқтату;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (мүмкіндігінше сабақтың басталу уақыты бойынша ескере отырып).
- Ұлыбританияның басылымы отандық «QazVac» вакцинасының қауіпсіз екпе екендігін жазды. Әлеуетімізге қалай баға бересіз?
- Қазақстанда қолданылатын КВИ-ға қарсы барлық вакциналар КВИ-дың ауыр жағдайларының алдын алуға қатысты бірдей тиімді.
Әлемде КВИ-ға қарсы вакцина тапшылығы жағдайында Қазақстан ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап КВИ-ға қарсы вакцинациялауды бастаған елдердің бірі екенін атап өткен жөн. КВИ-ға қарсы вакцина өндірушілер ішкі нарықтарды молықтыруды көздейтінін ескере отырып, Қазақстанда Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында «Спутник V» вакцинасын өндіруді оқшаулау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК базасында «QazVac» отандық вакцинасын өндіруді іске қосу жүзеге асты.
- Сақтық шараларын сақтау туралы қанша жерден айтылып жатса да халық арасында жиын-тойлар өткізу толастамай тұр. Мәселеге барынша байыппен қарауға не жетпейді деп ойлайсыз? Әлде түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз бе?
- Қазіргі уақытта карантиндік шараларды сақтау, КВИ-ға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс күшейтілді.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Министрлік басшылығының және денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың қатысуымен баспасөз конференциялары өтті. Өткізілген баспасөз конференциялар барлық жерде кеңінен жарияланды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде трансляция жүргізілді.
Жалпы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі есепті кезеңде БАҚ-та 30 мыңға жуық материал жариялады, әлеуметтік желілерде, ютуб арналарында 3000-ға жуық жарияланым жарияланды, инфографикалар жасалды және таратылды, сондай-ақ әлеуметтік роликтер әзірленді.
Министрлікпен шынайы емес ақпаратқа, мысалы: мәжбүрлеп вакцинациялау, чиптеу, вакцинаның зияны және т.б. ақпараттық ден қою бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Сіз Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылысыз. Шағым жоғары тұрған әкімшілік органның қарауы үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Пандемия кезіндегі сақтық шараларын сақтау – әркімнің азаматтық борышы. Себебі, еліміздің әр азаматы сақтық шараларын орындау және вакцинациялау арқылы тек қана өзінің ғана емес, жақындарының да денсаулығын сақтай алады.
- Әңгімеңізге рахмет!