Ерлан Қиясов: Отандық вакцинаны салдыруға дайынмын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны елден бұрын салдыруға дайын екенін айтты.

Мен коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны елден бұрын салдыруға дайын екенімді жеткізгім келеді. Расталған деректердің кең ауқымын алған кезде дайын боламыз, - деді Қиясов брифингте.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, вакцинация ерікті түрде жүргізіледі.


Бұл вакцинация ерікті, сондықтан өздерін сынап көрген еріктілер – олар сол вакцинаны жасап жатқан адамдар. Олар вакцина жасау жұмыстарының алғашқы сәттерінен бері соның айналасында жүрген жандар. Неғұрлым кең сынақтар расталған жағдайда, вакцина салдыруға дайынбыз, - деп атап өтті спикер.

Бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бүгінде республиканың «жасыл» аймақта тұрғанын мәлімдеп, жаңажылдық мерекелерге қарсы қосымша шектеулер енгізілмейтінін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы