Еркін күрестен Олимпиадаға қатысатын ерлердің аяқ алысы жаман емес – Ислам Байрамуков

Еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, балуан Ислам Байрамуков Париж Олимпиадасына қатысатын 4 спортшы туралы айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бізде қазір 4 жолдама бар. Оның бірін жақында 57 келідегі Қаратбай Мейрамбек алды. Кейбір түсініспеушіліктер болды. 86 келіде соңғы екі әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков әлемдегі ең үздік балуан деп саналады. Сондықтан соның мүмкіндігі бар. Жүлдеге ие болады деген үміттеміз. Жеребесін де көрдім, жаман емес. Одан кейін 92 келіде – Әлішер Ерғали. Оның да жеребесін көрдім, аяқ алысы жаман емес. Сондай-ақ Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) бұдан бұрынғы жарыстарда лицензияға қол жеткізіп үлгерген еді, - дейді Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Балуанның айтуынша, төрт жылда Олимпиадаға іріктеу чемпионаттарында жүлдегер болған қыздардың жолдама алмау себебін түсінбегенін айтты.

Әйелдер құрамасынан еркін күрестен жолдаманы жіберіп алдық. Неліктен ала алмады деген сұраққа келсек, физикалық, психологиялық тұрғыда, функционалды тұрғыда қателік болды ма, білмедім.  Себебі төрт жылда бір келетін Олимпиадаға іріктеу чемпионаттарында жүлдегер болған қыздар болды, олар ала алмады. Мен үшін үлкен түсінбеушілік болды. Қалай ғана жолдамаға ие бола алмағанын түсінбедім. Келесі жолы бұл қателік қайталанбайды, әйелдер құрамасынан қыздарымыз шығып, жүлдегер болады деген үміттемін, - дейді Ислам Байрамуков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы