3 Қазан 2026, 16:17 Фото: ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

Еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов 2026 жылғы Азия ойындарында 74 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Үндістан өкілі Сагар Джагланды мерзімінен бұрын жеңді.

Қайпанов кездесудің басында-ақ басымдық танытып, бес ұпай жинады. Есеп 5:0 болған сәтте қазақстандық балуан қарсыласын таза жеңіп, белдесу тоқтатылды.

28 жастағы спортшы үшін бұл Азия ойындарына алғашқы қатысуы болды. Жапониядағы жарысқа дейін ол әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Азия чемпионы атағын үш рет иеленген.

Қайпанов жүлдеге жету жолында 1/8 финалда Пәкістан өкілі Инаят Улланы, ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Хан Дэ Гильді жеңді. Ал жартылай финалда ирандық Юнес Эмамичогайиден ұтылып, қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды.

Ризабек Айтмұхан мен Нұрданат Айтанов шешуші белдесулерге жете алмады.