Еркін күрес: Ризабек Айтмұхан – әлем чемпионы

Ризабек Айтмұхан сенсация жасап, қазақ спортының тарихына өз есімін жазды. Қазақ балуаны 92 келі салмақта еркін күрестен алтын медаль алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған жетістік тіркелді. 92 келі салмақта еркін күрестен қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды. Балуандарымыз бұл белесті бұрын бағындырмаған еді.

Финалға дейін қазақстандық балуан үш қарсыласты жалпы 32:4 есебімен жеңді.

Шешуші айқаста Айтмұхан әзербайжандық Осман Нурмагомедовке есе жібергенімен, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы