Еркін күрес. Ел құрамасы әлем чемпионатында бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуландар арасында әлем чемпионаты өтеді. 5-7 қашара күндері еркін күрес бойынша балуандар өзара мықтыны анықтауға Белград бозкілеміне шығады. Аталған додаға Қазақстан сапынан он спортшы қатысады.
Олар: Асыл Айтақын, Ильяс Аманжолов, Сырбаз Талғат, Нұрқожа Қайпанов, Бибарыс Нұрыллаұлы, Мақсат Сатыбалды, Бекзат Үркімбай, Юнус Гафуров және Бақдәулет Өсербай.
Айта кетерлігі, 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстанның грек-рим және әйелдер күресі құрамалары да қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада сорғы-сүзу станциясы салынып жатыр
Өзгелердің жаңалығы