Еріктілік махаббат сияқты жас шектеуін мойындамайды – Курбанов

Халықаралық волонтерлер форумында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов волонтерлық жұмыстағы тенденцияларды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҰҰ өкілі тенденциялардың бірі ретінде индустриялық дәуірден постиндустриалды экономикаға жаһандық ауысу екенін атады.

Бұрын бізде қатал болса да түсінікті ұғымдар болды: алдымен білім, содан кейін жұмысқа орналасу, сосын зейнетке шығу. Бүгінгі таңда өмір траекториялары тура сызық емес. Оқу ұзағырақ уақыт алады, оқудан еңбекке көшу біртіндеп жүреді. Ал жұмыс тәжірибесі көбінесе мамандық ауыстыру және өмір бойы білім алумен бірге келеді, - деді ол.

Яғни Тойли Курбанов халықтың жаһандық қартаюымен қатар зейнеткерлік жас ұлғайып, көптеген мамандықтар үшін мүмкіндіктер ашатынын айтты. Осы жолда волонтерлік те жастар айналысатын қызметтен өмірлік әрекет цикліне айналғанын жеткізді.

Ұлы ақын айтқандай, «махаббатқа барлық жас бағынады». Бүгінде біз еріктілік махаббат сияқты жас шектеуін мойындамайтынын байқаймыз. БҰҰ-да еріктілердің жасы – 18-ден 82-ге дейінгі аралықта, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы