Еріктілер мен экобелсенділер Сарыоба көлінің маңын қоқыстан тазартты
Бұл шара "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасы аясында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Плоггинг форматындағы сенбілікте еріктілер мен экобелсенділер Сарыоба көлі маңын қоқыстан тазартты. Қоқысты сұрыптау үшін волонтерлерге арнайы 2 түсті қап берілді: ақ қапқа сұрыпталатын, яғни пластик, шыны, алюминий және макулатура жиналынды; ал жасыл қапқа қалған сұрыпталмайтын қоқыс жиналынды. Сенбіліктің соңында жиналған қоқыс арнайы көлікпен сұрыпталуға жіберілді.
Экосенбілік деген жай ғана сенбілік емес, ең басты қағидасы – жинаған қоқысты сұрыптау. Барлығы 20 қап қайта өңделмейтін қалдықтар мен 7 қап қатты қалдықтар жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Жалпы алғанда, біз жағалау бойынан 2,5 шақырымға жуық аумақты тазарттық, - деді "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садуақасова.
Айта кетейік, тазалаудан басқа, еріктілер барлық тұрғынды санитарлық нормаларды сақтауға, қоқысты жинап жүруге және тазалық сақтауға шақырды. Іс-шара "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасы аясында өткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Индонезияда 400 жыл бойы тыныш жатқан жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы